Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль ХАМАС-қа АҚШ ұсынған жоспарды қабылдауды талап етті

Әлем
Израиль ХАМАС-қа АҚШ ұсынған жоспарды қабылдауды талап етті

ХАМАС террористік тобы АҚШ-тың әкімшілігі ұсынған Газа секторы бойынша 60 күндік уақытша атысты тоқтату жоспарын бірден қабылдамады, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, ХАМАС уақытша келісімді қабылдауы немесе жойылуы тиіс.

Жоспар бойынша 60 күндік атысты тоқтату мерзімі ұсынылады, сондай-ақ 58 тұтқынның 28-і бір апта ішінде босатылуы тиіс. Өз кезегінде Израиль 1236 палестиналық тұтқынды босатып, 180 қаза болған палестиналықтың мәйітін беруі керек.

Келісімде Израиль армиясының Газадағы бөлімшелерін қайта орналастыру қарастырылған, бірақ әскерлерді толық шығармайды. Сонымен қатар, Газада гуманитарлық көмекке рұқсат беріледі. Бұл келісімге АҚШ, Египет және Қатар кепілдік береді.

Фото: Ramadan Abed/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу