Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Каратэші Мөлдір Жаңбырбай Қытайда күміс жүлдегері атанды

Спорт
Каратэші Мөлдір Жаңбырбай Қытайда күміс жүлдегері атанды

Каратэден ұлттық құрама көшбасшысының бірі Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған премьер-лига өткен жарыстың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды  Malim.kz.

Отандастарымыз ақтық сында Алжир спортшысы Силия Уикенмен тең түсіп (8-8), SENSHU арқылы (алғашқы ұпай алған спортшы) жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, Мөлдір биыл қаңтарда өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола медаль жеңіп алған.

Айта кету керек, Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы әлем біріншілігінде топ жарып, каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған еді. Сонымен бірге ол Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Ал 2024 жылы әр салмақ дәрежесінде үздік спортшыларға берілетін Grand Winner марапатына ие болды. 

Фото: olympic.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу