Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәсіпкер болғысы келетіндерге тегін грант беріледі

Қоғам
Кәсіпкер болғысы келетіндерге тегін грант беріледі

2025 жылғы 20 қазаннан бастап Business.enbek.kz порталында (бұдан әрі — Портал) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдау басталады.

Үнемделген қаражат есебінен барлығы 9 өңірде 270 грант беру жоспарланып отыр: Абай, Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып саналады.

Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 тенге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет:

— Порталда тіркелу;

— грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

— бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;

— өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант алу үшін бірқатар шартты сақтау қажет.

Грант алуға:

— тіркелген жұмыссыздар;

— жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) үміткер бола алады.

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

— мүгедектігі бар адамдар;

— қолданыстағы «Қандас» мәртебесі бар адамдар;

— өңіраралық қоныс аударушылар

— аз қамтылған отбасы мүшелері;

— көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);

— мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);

— асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығандығы туралы 3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы тиіс.

Грантты қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді, - деп түсіндірді Еңбекмині.

Фото: Мәлім кз

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу