Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Kazakhmys» журналистерге талап қойды

Қоғам
«Kazakhmys» журналистерге талап қойды
Фото: Kazakhmys

Қазақстандағы ең ірі тау-кен корпорациялардың бірі – «Kazakhmys» ақпараттық портал Exclusive.kz-тен 3 қазан 2025 жылы жарияланған материалды ресми түрде теріске шығаруды талап етті, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.

Компанияның айтуынша, материалда «жалған және беделге нұқсан келтіретін ақпарат» бар. Алайда редакция бұл жаңалық толықтай Индустрия және құрылыс министрлігінің депутаттық сауалға берген ресми жауабына негізделгенін мәлімдеді.

Дау неден басталды?

Exclusive.kz жариялаған мақалада Қазақстанда стратегиялық шикізатты бақылау жүйесінің өзгеруі талқыланған. Материалда министрліктің мәліметі бойынша:

  • Қазақстанда сирек және сирекжер металдары бойынша зерттеу орталығы құрылып жатқаны;
  • қазір алтын мен бағалы металдар бар рудалар бақылауда екені;
  • алдағы уақытта бақылау тетіктерін күшейту жоспарланғаны;
  • аккредиттелген зертханалар тізімі жасалып жатқаны;
  • «Kazakhmys» 2024–2025 жылдары экономикалық себептермен концентратты шетелге экспорттағаны айтылған.

Компания неге қарсы шықты?

«Kazakhmys» редакцияға жолдаған шағымында компания «сирек жер металдарын өндірмейді және экспорттамайды» деп мәлімдеп, мақаланы жалған деп атады.

Алайда Exclusive.kz нақтылайды:

  • материалда компания сирек жер металдарын бөлек өндіреді деп айтылмаған;
  • мақалада тек министрлік мәліметі келтірілген;
  • «Kazakhmys» экспорттаған концентрат құрамында сирек жер элементтері болуы мүмкін дегенге байланысты мемлекет бақылауды күшейтуді жоспарлаған.

Редакцияның айтуынша, компания шағымда министрліктің мәліметін мүлде елемей, тек жаңалықтың тақырыбына ғана шүйліккен. Сондықтан Exclusive.kz «Kazakhmys»-ке ресми сұрау жіберді.

Бұл жағдайға қатысты КазТаг агенттігі де «Kazakhmys» баспасөз хатшысы Арман Тлеукеновтен ресми түсініктеме сұрағанын хабарлады.

Еске салайық, «Kazakhmys» корпорациясының негізгі иелері — Владимир Ким мен Эдуард Огай. Владимир Ким Қазақстандағы ең бай 5 адамның қатарына кіреді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу