freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Кедергі жасап жатыр": "Өнер Қырандары" театры ел естімеген сұмдық жайтты айтып берді (ФОТО)

Қоғам
"Кедергі жасап жатыр": "Өнер Қырандары" театры ел естімеген сұмдық жайтты айтып берді (ФОТО)
ашық дереккөзден

"Өнер қырандары" театры Шымкент қаласында жоспарланған концерттің өтуіне кедергі келтіріліп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы театр ұжымы Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Театр өкілдерінің айтуынша, концерттің ұйымдастырылуына "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты QYZGALDAQ Sarayi" тарапынан белгілі бір қиындықтар туындаған.

Осы жағдайға байланысты театрдың адвокаттары мен заңгерлері мәселенің заңдылығын тексеру үшін прокуратура, ҰҚК, Шымкент қаласының әкімдігі және басқа да мемлекеттік органдарға тиісті құжаттарды дайындап жатыр.

"Қазіргі уақытта біздің адвокаттарымыз бен заңгерлеріміз мемлекеттік мекемелерге (Прокуратура, ҰҚК, Шымкент қ. әкімдігі және басқа да органдарға) жағдайдың заңдылығын тексеру үшін тиісті құжаттарды дайындауда", – делінген жазбада.

Сонымен қатар ұжым Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің атына ашық хат әзірлеуге мәжбүр болғанын айтты. Театр өкілдерінің сөзінше, әкімнің атына жолданған кейбір өтініштер мен арыздар қала басшысына толық жетпей отырған көрінеді.

"Өнер қырандары" бұл жағдайға қатысты толық ақпаратты алдағы уақытта қосымша жариялайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, "Өнер қырандары" театрының негізі Өнер академиясында қаланған. Театрдың алғашқы мүшелері Мэлс Наурызбеков, Әнуар Шымырқұлов, Дана Тұрарбек және Мадияр Серікбаев болды. Кейін ұжымға Құдірет Топаев, Жанболат Найзабеков және Сырымбет Бейбосынов қосылды.

Өнер ұжымы алғашқы шығармашылық жолын Көңілді тапқырлар клубынан (КВН) бастап, түрлі телебағдарламаларға қатысу арқылы тәжірибе жинақтаған. Кейін көрерменге жеке театр ретінде алғашқы концерттерін ұсынып, үлкен танымалдыққа ие болды. Қазіргі уақытта бұл ұжым кино саласында да еңбек етіп, "Молда", "Абай бол" секілді туындылардың жарық көруіне сеп болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу