Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кей ауылдар қала статусын алуы мүмкін 

Саясат

19 наурызда Ұлттық экономика министрі Үкіметте ауылды дамыту туралы баяндама жасады. Министр Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, қазірде елімізде тұрғын саны 10 мыңнан асатын 112 елдімекен бар. Осы ауылдардың 18-де халық саны 30 мыңнан асады.  
Байбазаров мұндай ауылдарға қала атауын алуға қолданыстағы заң мүмкіндік береді.   


«Заңнамада олардың мәртебесін өзгерту тетіктері қарастырылған. Мәселен, үш жыл ішінде халық саны 10 мыңнан асатын болса, онда облыстық мәслихат бұл ауылдардың мәртебесін өзгертуге, яғни оларға қала мәртебесін беруге құқылы. Заң 2021 жылы күшіне енді. Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтініштерін қарап жатыр. Бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді министр. 


Бұған дейін министр Нұрлан Байбазаров Қазақстанда соңғы 600 жуық ауыл жабылғанын айтқан. 
Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметінше, Қазақстанда 20 миллионнан астам адам бар. Оның 7,5 миллионы ауылдық жер тұрғыны.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу