freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кейінгі 10 жылда елімізде 1,6 млн-нан астам адам қан тапсырған

Денсаулық
Кейінгі 10 жылда елімізде 1,6 млн-нан астам адам қан тапсырған
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қан донорларының жас ерекшелігі мен құрамына қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталықтың дерегіне сәйкес, соңғы он жылда қан тапсыруға қатысқан азаматтардың арасында ер адамдардың үлесі басым болған. 

— 2016–2026 жылдар аралығында Қазақстанда 1,6 млн-нан астам адам қан тапсырды. Осы кезеңде донорлардың 72%-ы — ер адамдарды, 28%-ы — әйел адамдарды құрады. Жас ерекшелігі бойынша донорлардың ең үлкен бөлігін 31–50 жас аралығындағы азаматтар құрайды (48%). Бұл санаттағы адамдар қан тапсыруға қойылатын талаптарға жиі сәйкес келеді, — деді орталықтың Қоғаммен байланыс және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Алма Демеуова.

Ал 18–30 жас аралығындағы азаматтардың үлесі — 38%. Маманның айтуынша, бұл көрсеткіш жастардың ерікті донорлыққа қызығушылығы бар екенін көрсетіп отыр.

— 51 жастан асқан азаматтардың үлесі 14%-ды құрайды. Бұл жаста қан тапсыру мүмкіндігі адамның жалпы денсаулық жағдайына қарай жеке бағаланады, — деді бөлім басшысы.

Маманның сөзінше, донорлыққа қатысу кезінде азаматтың қауіпсіздігімен қатар, қан құйылатын науқастың денсаулығын қорғау да басты назарда болады.

Айта кетейік, Қазақстанда 140 мыңнан астам тұрақты қан доноры бар. 


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу