***
– Теңіз бастан бұлғанды,
Кім тұндырар, а, ханым?!
Терек түптен жығылды,
Кім тұрғызар, а, ханым?!
– Теңіз бастан бұлғанса,
Тұндырар ұлым Жошы-дүр!
Терек түптен жығылса,
Тұрғызар ұлым Жошы-дүр!
– Ақсақ құлан шошыған,
Таудан төмен жосыған.
Балаң өлді – Жошы хан!
Нанбайсың ба осыған?!
Арымайтын семіз жоқ,
Құрымайтын теңіз жоқ!
Құрымайтын теңіз жоқ,
Өзіңе берсін денсаулық!
– Құлынын алған құландай,
Құлынымнан айырылдым!
Айырылысқан аққудай,
Ер ұлымнан айырылдым!