Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Киевке шабуыл: 14 адам қаза тапты, ондаған тұрғын жараланды

Әлем
Киевке шабуыл: 14 адам қаза тапты, ондаған тұрғын жараланды

28 тамызға қараған түні Киевке жасалған Ресейдің әуе шабуылы салдарынан 14 адам қаза тапты. Құрбандардың арасында 2, 14 және 17 жастағы үш бала бар, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 10 адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Қала мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, 38 адам жараланған, олардың 30-ы ауруханаға жеткізілді.

Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко үш адамның үйінді астынан тірі құтқарылғанын хабарлады. Дегенмен құтқарушылардың болжамынша, қираған ғимараттар астында әлі де адамдар қалуы мүмкін.

Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченконың айтуынша, жараланғандар арасында 10 және 18 жастағы ағайынды балалар бар. 10 жастағы бала ауруханаға жатқызылды, сондай-ақ 17 жастағы жасөспірім жарақат алды.

Әуе соққысы Киевтің бірнеше ауданын шарпыды. Дарница ауданында бес қабатты тұрғын үй мен 16 қабатты ғимарат қатты зақымданды. «Алдын ала дерек бойынша, бес қабатты үйдің бірінші қабатынан бесінші қабатына дейінгі бөлігі қираған», – деді мэр Кличко.

Фото: Valentyn Ogirenko/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу