Көкшетауда жеті жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің подъезінде ойнап жүріп, биіктен құлап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала баспалдақ алаңында жүрген кезде төртінші және екінші қабаттардың арасындағы ашық қуысқа түсіп кеткен.
Оқиға бойынша дерек Көкшетау қалалық полиция басқармасында тіркелді.
«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 7 жасар бала тұрғын үйдің кіреберісінде құлап, жарақат алған», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дәрігерлердің мәліметінше, бала есін біледі. Оның жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде бағалануда.
«Науқас облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылды. Қазір стационарлық ем қабылдап жатыр және нейрохирургтың бақылауында», – деп мәлімдеді дәрігерлер.