freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетауда аулада әйелді көлік қағып кетті

Қоғам
Көкшетауда аулада әйелді көлік қағып кетті
Фото: видеодан скрин

Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 9 мамырда Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Көлік жүргізушісі тұраққа кірер кезде әйел адамды қағып кеткен. Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалған.

Алған ауыр жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Белгілі болғандай, марқұмның артында оны жалғыз өзі тәрбиелеп отырған 12 жастағы баласы қалды.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта трагедияның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу