Көкшетауда ток соғу салдарынан 18 жастағы жұмысшы көз жұмды, ал оның кәмелетке толмаған әріптесі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Malim.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Бақытсыз оқиға автожуу орындарының бірінің аумағында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, металл конструкцияны бөлшектеу кезінде жұмысшылар байқаусызда электр берілісі желісіне тиіп кеткен. Жастан жас жігіт жоғары кернеулі ток соққысынан оқиға орнында қаза тапты.
Қасында болған жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы тұрақты деп бағалануда. Орын алған қайғылы оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне тікелей қауіп жоқ. Жағдайын бақылауда ұстау үшін ол бірнеше сағат бойы жансақтау бөлімінде болды. Қазіргі таңда медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», — деп хабарлады Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.