freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Коллекторлардан 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі табылды

Қоғам
Коллекторлардан 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі табылды
Видеодан скриншот

Жетісу облысында миллиондаған қазақстандықтың жеке мәліметтерін заңсыз пайдаланған коллекторлық агенттіктің қызметі әшкереленді.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер азаматтарды тегі, аты-жөні, ЖСН және телефон нөмірі арқылы іздеуге мүмкіндік беретін арнайы ақпараттық жүйені пайдаланған. Базада Қазақстанның шамамен 16 миллион азаматының деректері сақталған болуы мүмкін.

Заңсыз әрекетті полиция прокуратура және ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп анықтады. Деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды.

Тінту барысында компьютерлер, мобильді құрылғылар және басқа да электронды техника тәркіленді. Бірнеше адам тексеру үшін полицияға жеткізілді.

Аталған факті бойынша соталды тергеу басталды. Құқық қорғау органдары деректердің қайдан алынғанын және қалай таратылғанын анықтап жатыр.

Еске салсақ, 2024 жылы да 16 миллионға жуық қазақстандықтың жеке дерегі интернетке тараған болатын. Сол кезде мемлекеттік органдар ақпараттың сыртқа шығуы хакерлік шабуылдан емес, деректерге заңды қолжетімділігі бар аккаунттар арқылы болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Тексеру нәтижесінде жарияланған мәліметтердің басым бөлігі 2022 жылы ұрланғаны анықталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу