freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Контейнерлерді түсіріп жатқан екі жұмысшы қаза тапты

Оқиға
Контейнерлерді түсіріп жатқан екі жұмысшы қаза тапты
tlcz.kz

Қарағандыдағы кәсіпорындардың бірінде екі жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға контейнерлерді түсіру кезінде болған, деп хабарлайды Malim.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк түсіру жұмыстары кезінде екі жұмысшы ауыр жарақат алған. Оқиға орнында қажетті шаралар жүргізіліп, полиция тергеуді бастады.

Қарағанды облысының Полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Ғылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бұл бап абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған теміржол, әуе, теңіз немесе өзен транспортының қозғалыс немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзуға қатысты.

Тергеушілер нені анықтап жатыр?

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын, қайғылы оқиғаның себептерін және ықтимал жауапты тұлғаларды анықтауда.

Полиция тергеу оқиғаның барлық егжей-тегжейін толық әрі объективті анықтауға бағытталғанын атап өтті.

Бұған дейін Қарағандыда жол жұмыстары кезінде оқыс оқиға болғаны хабарланған еді. Мердігер ұйымның қызметкері жөндеу орнында арнайы техниканың астына түсіп, қаза тапты.

Оқиға 2 шілдеде сағат 14:30 шамасында Республика даңғылында болған. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жол катогын басқарған 62 жастағы жұмысшы артқа қарай қозғалып, әріптесін қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан 53 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу