Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көп қылмыс болған ресто-бар жұмысын уақытша тоқтатты

Қоғам
Көп қылмыс болған ресто-бар жұмысын уақытша тоқтатты

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің ұсынысымен қаладағы ойын-сайық орны жұмысты уақытша тоқтатты. Себебі жыл басынан бері ресто-бардан 60 шақырту түскен. 

Тексеру нәтижесінде аталған ресто-бар мен оның келушілері тарапынан 10 әкімшілік құқық бұзушылық және 7 қылмыс жасалғаны анықталды. Сонымен қатар түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды кіргізген. Мұндай екі дерек тіркелді. Полицейлер жинаған материалдарды Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Сот шешімімен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Ойын-сауық орталығының қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Ақтөбеде бір күн ішінде жол ережесін 12 рет бұзған жүргізуші ұсталды. Ресейлік такси жүргізушісі 11 айда жол ережесін 250 рет бұзып, 7,7 млн теңге теңге айыппұл арқалаған.

Фото:  

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу