Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Көпір дипломатиясы» – Қазақстанның басты артықшылығы

Саясат
«Көпір дипломатиясы» – Қазақстанның басты артықшылығы
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясындағы халықаралық кездесулер еліміздің Еуразиядағы рөлін айқындап, сыртқы саясаттағы көпвекторлы стратегияның тиімділігін көрсетті. Елдің геосаяси орны мен халықаралық серіктестерімен байланысы бүгінгі күнде айтарлықтай маңызды. Осы ретте Malim.kz Қазақстандық қоғамдық даму институты, «MediaLab» орталығының басшысы Жақсыбек Жиеналиевтің пікірін білген болатын.   
 

Қазақстан – Еуразияның сенімді ойыншысы

Сарапшы Жақсыбек Жиенәлиевтің пікірінше, Мемлекет басшысының ресми сапары еліміздің халықаралық рөлін айқындап, көпжақты ынтымақтастыққа жол ашып отыр. 


«Қазақстан Шығыс пен Батыспен тең дәрежеде қатынас орната алатын, Еуразияның негізгі ойыншысы ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді. Біз үшін бұл – тек беделді нығайту ғана емес, сонымен қатар экономикалық, энергетикалық және қауіпсіздік мүдделерін қорғаудың маңызды құралы. Қазақстанның көпвекторлы саясаты елге күрделі геосаяси жағдайларда тепе-теңдік сақтап, сыртқы қатынастарда икемділік танытуға мүмкіндік береді. Осы модель арқасында Қазақстан аймақтағы әріптестерін де, әлемдік державаларды да сенімді серіктес ретінде қабылдауға ынталандырады», –

дейді сарапшы.


Астананың халықаралық беделінің артуы

Ақ үйдегі жоғары деңгейлі кездесу Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайтуға айтарлықтай үлес қосты. 

Бұл орайда сарапшы:


«Трамппен кездесу жаһандық тұрақсыздық жағдайында Астананың халықаралық беделін күшейтті. Бұл тек ресми келісімдермен шектелмей, Қазақстанның диалог жүргізуге қабілетті, сенімді мемлекет екенін бүкіл әлемге көрсетті. Бұл кездесулер елдің экономикалық серіктестіктерін нығайтып, стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты. Мысалы, энергетика, көлік және жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастық келісімдері Қазақстанның экономикалық дамуын жеделдетуге септігін тигізеді» -

деген пікір білдірді.
 

Қазақстанның геосаяси рөлі: көпвекторлы саясаттың жаңа кезеңі

Жиеналиевтің пайымдауынша, Қазақстанның дипломатиялық стратегиясының мәні терең.   


«Қазақстан блоктық ойлаудан гөрі диалогты маңызды қоятын ‘көпір дипломатиясы’ моделін көрсетіп келеді. Біз тек көршілес елдермен шектеліп қалмай, әлемдік державалармен де тең дәрежеде, сенімге негізделген қатынас орнатамыз. Бұл тәсіл халықаралық дауларды шешуде және аймақтағы тұрақтылықты сақтау жолында тиімді», –

деп атап өтті сарапшы.
Оның пікірінше, көпір дипломатиясы Қазақстанға тек саяси артықшылық беріп қана қоймай, экономикалық инвестициялар мен халықаралық жобаларды жүзеге асыруға да мүмкіндік береді. 
Жақсыбек Жиеналиевтің ойынша, Қазақстанның көпвекторлы саясаты – елдің халықаралық беделін арттырып, экономикалық және саяси мүдделерін қорғаудың тиімді құралы. 


«Қазақстан сыртқы саясатта сенімді және бастамашыл мемлекет ретінде танылып отыр. Көпір дипломатиясы арқылы біз тек қана аймақтық емес, жаһандық деңгейде де тұрақтылық пен диалогты нығайта аламыз. Бұл стратегияның тиімділігі алдағы жылдары да айқын көрінеді», -

дейді ол. 
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу