Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

Спорт
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

Өзбекстанның Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында  Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы екі жаттығуда финалға шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр.

Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Елжаңа Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады. Дәл осы жарыста Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді.

Екінші орынды қытайлық Зилу Ванг (66.70 ұпай) иеленді.

Ертең жекелей сында ұршық, лента жаттығуларының іріктеу жарысы өтеді.

Бүгін кешке топтық жаттығуда Қазақстан командасы өнер көрсетеді. Осы сында чемпион мен жүлдегерлер анықталады.

Фото: kazsports.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу