1 млн теңге пара алған департамент басшысы сотталды

Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды

Malim Админ

  • 19.08.2024

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы А.Мұстафинов 1 млн теңге мөлшерінде пара алу бойынша кінәлі деп танылды. Азаматқа Петропавл қалалық соты үкім шығарды.


Ол делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға көмектескені үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды.

Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдал тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды», - деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұдан басқа, енгізілген ұсынымның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен тиісті ведомстволық бақылаудың және профилактикалық жұмыстың болмағаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Атап айтқанда, комитет төрағасы әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаевқа, өздік қауіпсіздік, кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды. Осы бұйрықпен Мұстафинов  жұмыстан босатылды.

Фото: Ашық дереккөздерден 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды