Алаяқтар ҰҚК атынан адамдарға құжат жіберіп жатыр

Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатуы және 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуі тиіс.

Берік Дәулетов

  • 18.07.2024

Қазіргі уақытта алаяқтық әрекет фактілері жиілеп кетті. Енді шабуылдаушылар күштік құрылымдардың, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының атынан азаматтарға қоңырау шалып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтар атап айтқанда, қоңырау шалып немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқытқан хабарлама келеді.

ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі (қызметтік куәлік, хаттар мен бұйрықтардың фирмалық бланкілері).

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ.

Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатуы және 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуі тиіс.

Фото: ҰҚК

Байланысты жаналықтар

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025
MalimBlocks
Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда қанша генерал бар?