Алматы мен Қарағанды облыстарында жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Соттардың жер беру туралы шешімдері заңсыз деп танылды

Malim Админ

  • 24.09.2024

Алматы облысы аумағындағы 74,8 мың гектарды құрайтын 272 жер учаскесі енді мемлекет меншігінде болмақ. Жүйелі жұмыс нәтижесінде тиесілі жер қайтарылды.


Оның ішінде 31,3 мың гектарға жуықтайтын 63 жер учаскесі бойынша соттар заңсыз шешім шығарған.  

Ерікті түрде сондай-ақ басқа да амалдармен 43,4 мың гектарға жететін  214 жер учаскесі ел игілігіне берілді. Одан бөлек, жалпы алаңы 21,9 мың гектарға таяу  60-қа жуық жер телімі бойынша сот арыздарды тексеріп, сүзгіден өткізуде.

- Жұмыс мұқият жалғасын таппақ. Аталған шаруалар аясында іс нәтижелі, оңтайлы болу үшін  әкімдіктер кешенді шараларды қабылдайды. Құнарлы жерді шаруалар тиімді пайдалануы керек.  Осы тұрғыда бірқатар жұмыс ретімен іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде облыс әкімдігі хабарлады.     

Сонымен қатар, Қарағанды облысында да ұзақ уақыт қолданыстан шығып қалған 12 000 га алқап мемлекетке қайтарылды.   

Ауыл шаруашылығы министрлігінің статистикасына сенсек, Қарағанды облысының Жер ресурстарын басқару департаменті «Қ» кәсіпорнына қатысты жүргізген тексеріс кезінде Бұқар жырау ауданында жалпы ауданы 12 049,0 гектар 15 жер учаскесінің бірнеше жыл игерілмегенін анықтады.

Жер кодексіне сай департамент бұл ЖШС-ға 1 жыл ішінде заң бұзбауы туралы нұсқама жіберген. Аталған тапсырманың орындалмауына қатысты Кодекстің 94 бабын негізге алып департамент жер аумақтарын мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа арыз берді.  

Қарағанды облысындағы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының биылғы 3 шілдедегі шешіміне орай департаменттің талап арызы қанағаттандырылды.

                         

Фото: vk.com  

Байланысты жаналықтар

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

21.05.2025

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

20.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025
MalimBlocks
Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды