Алматыда айыппұлы 6,5 млн теңгеге жеткен жүргізуші ұсталды

Ол 189 рет жол ережесін бұзған

Malim Админ

  • 11.05.2024

Алматы полициясы 6,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар шетелдік көлік жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Malim kz.

Polisia.kz жазуынша, ол 189 рет жол ережесін бұзып, төленбеген айыппұлы 6,5 миллион теңгеден асқан.

Әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлері бар Zeekr автокөлігін тоқтатқан.

Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу салдарынан жиналған айыппұл. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндейді.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

21.05.2025

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

21.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025
MalimBlocks
Дженнифер Лопес Алматыға келеді

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді