Алматылықтарды 2,5 млрд теңгеге алдап соққан құрылыс компаниясының ісі сотқа жолданды

Жалпы саны 300-ден астам адам жәбірленуші деп танылған

Мәди Саматұлы

  • 21.01.2025

Алматыда құрылыс компаниясы басшыларының қатысуымен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті бір фирма басшыларына қатысты басталған қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтаған. Оған азаматтардың ұжымдық жолданымы негіз болған.

Компания басшылығы тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат құжаттарынсыз және үлескерлердің қаражатын тарту құқығынсыз 2022-2023 жылдар аралығында үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату сылтауымен азаматтардың ақшасын алдау жолымен жымқырғаны анықталды, деп жазылған прокуратура мәлімдемесінде.

Аталған іс бойынша 312 адам жәбірленуші деп танылып, жалпы шығын 2,5 млрд теңгеден асқан.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 4 басшысы ұсталып, қазір қамауда отыр.

Тергеп-тексеру аясында жәбірленушілердің құқықтарын қалпына келтіру қамтамасыз етілді, ал қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

05.02.2025

Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

03.02.2025

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

03.02.2025

Бүгін Алмас Кішкенбаевтың соты өтеді

03.02.2025

«Бензиннен жеп» жүргізушілерді қанаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

02.02.2025

АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді

31.01.2025
MalimBlocks
Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

Қаскөй кінәсін толық мойындаған

Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

Полиция тәртіп бұзған 5 адамды ұстаған

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

Полиция басқармасында іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бүгін Алмас Кішкенбаевтың соты өтеді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша іс қаралады

«Бензиннен жеп» жүргізушілерді қанаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді