Ақтауда офицер сарбазды атып өлтірді

Әкесі жазатайым оқиға болғанына сенбейді

Мәди Саматұлы

  • 08.09.2024

Әскерде жүрген жалғыз ұлынан айрылған әкенің бейнежазбасын Kun.kz сайты әлеуметтік желіде жариялады. Онда Ақтауда әскер сапында жүрген баласын офицер атып өлтіргенін айтады. деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазбада Ақтау қаласы әскери округіне бара жатқан әкесі жағдайды қысқаша баяндап берген. Оның айтуынша, ұлын тапаншамен бетіне атқан. Енді соны жазатайым оқиға ретінде көрсеткісі келіп жатқанын айтады, яғни, офицер тапаншамен ойнап отырып, сосын (тапанша - ред.) өз-өзінен атылып кеткен. 

Соған байланысты Қорғаныс министрінен бұл жайтты жабулы қазан күйінде қалдырмауын сұрайды. Себебі, бұл жерде ешқандай жазатайым оқиға емес екенін жеткізген. 

Менің түсінігімде, алдымен патронды оқатар жеріне салу керек. Сосын сақтандырғышын ашып, шүріппені басу керек. Бұл жерде ешқандай ойын болмаған. Қазір оны жауып тастаған. Бірақ істі сиырқұйымшақтатып жібергісі келетін сияқты. Менің істің түпкілікті зерделенгенін қалаймын. Қазір Ақтау қаласындағы тергеу комитетіне бара жатырмын. Одан әрі ұлымның мәйітін ашатын жерге барам, дейді көзі жасаураған әкесі. 

Фото: teren.in.ua

Байланысты жаналықтар

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

09.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025
MalimBlocks
Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті