Ақтөбеде бас есепші компанияның 6 млн теңгесін ұрлаған

Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды

Мәди Саматұлы

  • 21.07.2024

Ақтөбеде жеке компанияда бас есепші болып орналасқан 51 жастағы әйел 4 айдан соң компанияның қаражатын ұрлай бастаған. Ол анасының банк картасына бірнеше траншпен миллиондап теңге аударған. Ал есеп құжаттарында оны жеткізілген тауар үшін төленді деп көрсете берген. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Осындай жолмен бірнеше ай ішінде ол компанияның шотынан 6 миллион теңге ұрлаған. Ал анасы қызының қаржылық айла-амалдары туралы білмегенін, тек несиесін өтеу үшін оған банк картасын бергенін айтқан.

Осы жағдайдаң соң ол сот үкіміне дейін келтірген залалдың жартысына жуығын өтеген. Бірақ бұл оны жазадан құтқармады.

Оның үстіне, биыл ақпанда ол мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін сотталғаны белгілі болған. Ол кезде бір жылға бас бостандығынан айырылған екен. Алайда кішкентай баласын тәрбиелеп отырғаны үшін жазасы кейінге қалдырылған.

Сеніп тапсырылған миллиондарды ұрлағаны үшін осы жазаны ескере отырып, сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырған. Мұнда да жазасын бір жылдан кейін өтейтін болды. Өйткені, баласы 14 жасқа толуы керек.

Фото: niidpo.ru

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025
MalimBlocks