Атырауда қайырымдылық ұйымы балаларға тыйым салынған материал таратқан

Прокуратура қайырымдылық мекемесіне айыппұл салды

Мәди Саматұлы

  • 14.01.2025

Атырау қаласының прокуратурасы қайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылуын тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала прокуратурасының мәліметінше, сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған.

Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесі ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Бұдан басқа, тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағыттарда оқытып, пансионат ретінде қызметтерін атқарған. Осыған байланысты, қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды. Сонымен қатар, барлық пансионат таратылды, деп жазды прокуратура.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

10.04.2025

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

10.04.2025

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

10.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

Cейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді