457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әуежайда қалып қойған Зеренің анасы компаниядан 5 млн теңге өндіріп алды

Бұған әкімшілік айыппұл мен моральдық залал кіреді

«Астана-Орал» рейсінен 12 жасар Зерені әуежайда қалдырып кету оқиғасы бойынша қыздың анасы 5 млн теңге өтемақы өндірді, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Бұл туралы баланың қорғаушысы Данильхан Шағатаевтың Instagram әлеуметтік желісінде жазды. Сот шығындарын қоса алғанда, қыздың анасы 5 млн теңгені толық көлемде алған.
Air Astana компаниясы мәжбүрлеп орындауға жеткізбестен, сот шешімін орындады.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдан бері созылған іске нүкте қойылды. 

Көп адам соттаспай-ақ 4 млн теңгені алу керек деп айтып жатты. Зеренің анасы басқа шешім қабылдады, ол дұрыс болып шықты. Қоғамдық пікір туғызған бұл іс қолданыстағы жолаушылар тасымалы заңнамасына, сондай-ақ FlyArystan әуе компаниясының ішкі ережесіне өзгерістер енгізуге түрткі болды, — дейді Д. Шағатаев.

Оның айтуынша, Air Astana компаниясы барлығы 8 млн 692 мың теңге шығынға қалды, бұған әкімшілік айыппұл мен моральдық залал кіреді.

Фото: Midjourney