Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүйрегін 9 млн теңгеге сатқысы келген ер адам сотталып кетті

Құқық
Бүйрегін 9 млн теңгеге сатқысы келген ер адам сотталып кетті

Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған ер адам сотталып кетті, - деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе қаласының № 2 сотында тірі адамның ағзалары мен тіндеріне қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталды деген айыппен У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы У. 2024 жылғы маусымда тұрақты табыс көзі жоқ жұмыссыз болып, өзінің бір бүйрегін Telegram арна арқылы сататыны туралы хабарландыру жариялаған. Бір бүйректің құнын 9 000 000 теңгеге бағалаған.

2024 жылы қыркүйекте хабарландыруға құқық қорғау органдарымен байланыста болған куәгер Б. жауап берген. Олар У.-дан бір бүйректі сатып алу туралы келісімге келген. Қажет медициналық тексерістен өткеннен кейін сотталушы куәдан 5 000 000 теңге алған кезде ұсталды.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

У. ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 116-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚК-нің 63-бабы ережелерін қолдана отырып, жазаның барлық белгіленген мерзіміне пробациялық бақылау тағайындаумен жаза тағайындалды, деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 27 жастағы атыраулық бір бүйрегін 9 млн теңгеге бағалап, сатпақ болған жерінен ұсталған еді.

Фото: theopenasia.net

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу