«Қарызым болды». 9 млн-ға бүйрегін сатқан ақтөбелік ұсталды

Ол алдын ала 5 млн теңге алып жатқанда қолға түсті

Malim Админ

  • 13.01.2025

27 жастағы атыраулық бір бүйрегін 9 млн теңгеге бағалап, сатпақ болған. Ол 5 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталып, сотқа тартылды.


Қылмыстық іс №2 Ақтөбе қалалық сотында қаралып жатыр. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» және «Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою» баптары бойынша айып тағылды. Іс материалы бойынша, сотталушы 2024 жылдың маусым айында Telegram арқылы «Бүйрек доноры» каналына кіріп, хабарлама қалдырған. Сол кезде ақтөбелік полиция қызметкерлері алдын ала келісілген адам арқылы байланысқа шығып, өзара уағдаласады.

- 2024 жылдың маусым айында Орынбасаров жұмыссыз жүріп, заңсыз жолмен пайда тауып, қарыздарын жабу мақсатында хабарландыру қалдырған. Өзінің ағзасын, яғни, бүйрегін сату туралы хабарлама жариялағаннан кейін Орынбасаров тергеп-тексерумен анықталмаған тұлғалардан ұсыныстар алып отырған. 2024 жылы 14 қыркүйек күні Орынбасаров Атырау қаласында бола тұра өз еркімен ішкі істер органдарына көмек көрсеткен Ақтөбе қаласының тұрғынымен келіседі. Бүйрегін 9 млн теңгеге бағалайды. Ол медициналық комиссиядан өтуге, ол үшін Ақтөбеге келуге уәде етті. 2024 жылдың 19 қыркүйегі күні Атырау қаласынан Ақтөбе қаласына қарай пойызға билет алып, 2024 жылы 20 қыркүйегі күні Ақтөбе қаласына жетті, медициналық тексеруден өтті. Сол күні сатып алушы жалға алып берген пәтерге барады. Ал 25 қыркүйек күні келісімді жүзеге асыру мақсатында сатып алушы 5 млн теңгені Орынбасаровқа беріп, ол полиция қызметкерлеріне ұсталды. Сөйтіп Қылмыстық кодекстің 24 бабы 3 бөлігі, 116 бабы 1 бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық жасады, - деді прокурор Әділет Кенжалы.

Сот отырысы кезінде сотталушы да жауап берді. Ол қарызы болып, асығыстық танытқанын айтты.

- Қарызым болып қалды. Сол уақытта асығыстықпен, ашумен Telegram арқылы жазба қалдырдым да каналдан шығып кеттім. Өзге атты қолдандым. Маған қыркүйек айында хабарласты. Кейін «анализ алайық» деп айтты. Анализді Ақтөбеге келіп тапсырдым. Ақшасын төледі, пәтер жалдап берді. 25 күні қолма-қол ақша бергенде ұсталдым. 9 млн теңгеге келістік. Отаға дейін, кейін бөліп беретін болды. Сол 5 млн теңгені беріп, кетіп бара жатқанда ұстады. Ақшаны санамадым, қарамадым. Өзім толық мойындаймын, өкінемін, - деді сотталушы.

Ол қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықтан жүр. Отбасылы, екі баласы бар.

Фото: theopenasia.net 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады