Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

Барлығы 118 күдікті қолға түскен

Мәди Саматұлы

  • 22.01.2025

Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен 21 қаңтарда мекемелерге есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша ауқымды операцияны аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында жүрген. Жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталған.

Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген. Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Үш «Калашников» автоматы, екі травматикалық тапанша, әр түрлі калибрлі оқ-дәрі, 11 кг-нан астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді, деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оның сөзінше, ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болғанын. Жедел іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

12.04.2025

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

10.04.2025

Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

07.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025

Құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды

30.03.2025
MalimBlocks
Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды

Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

Кеңестің төрағасы болып Ербол Қайырбеков тағайындалды.

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

Құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды

Павлодар облысында құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды