Емделем деп кетіп, Ресейде бағдарлама жүргізген борышкер елден шығарылмайтын болды

Оның банк алдында миллиард теңгеден астам қарызы бар болып шықты

Мәди Саматұлы

  • 20.07.2024

Банк алдында миллиард теңгеден астам қарызы бар азамат шетелге емделуге барам деп алып, кеткен соң ресейлік телеарнада бағдарлама жүргізіп кеткен. Соған байланысты банк Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шетелге шығуға шектеуді тоқтата тұру жөніндегі қаулыны заңсыз деп тану және жою туралы жеке сот орындаушыға талап қоюмен жүгінген, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоғарғы сот мәлімдеуінше, оқиға былай өрбіген.

Аудандық сот 2018 жылы Қазақстан азаматын басқа ортақ борышкерлермен бірге банкке 1 млрд теңгеден астам берешекті төлеуге міндеттеген. Атқарушылық іс жүргізу аясында сот орындаушысы борышкердің елден шығуына уақытша шектеу туралы қаулы шығарады.

2024 жылдың сәуірінде жеке сот орындаушысы борышкер өкілінің өтініші бойынша оның елден шығуына уақытша шектеуді тоқтатады. Шектеуді тоқтатуға борышкердің шетелде емделу қажеттілігі туралы дәлелдеме негіз болады. Алайда, борышкер Қазақстанның шегінен шыққаннан кейін ресейлік телеарнада танымал бағдарламаның түсіріліміне жүргізуші ретінде қатысқан, деп жазды Жоғарғы сот.

Сөйтс, борышкер тарапынан ұсынылған медициналық комиссияның қорытындысы 2023 жылдың 7 наурызында берілген, яғни сот орындаушысына диагноз туралы өтініш жасаған кезде 1 жылдан астам уақыт өткен екен. Сонымен қатар, қорытындыдағы диагноз (ойық жара, гастрит) Қазақстанда емделуге мүмкіндіктің бар екендігі туралы медициналық анықтамаларда көрсетілген.

Осыған байланысты, банк борышкердің республикадан шығу негізін негізсіз деп есептеген.

Фото: bnews.kz

Байланысты жаналықтар

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

20.05.2025

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025
MalimBlocks
Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр