Есіл ауданының әкіміне айыппұл салынды
Әкім сотқа ақпарат бермей қойған
Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі Серік Балжановқа ақпарат беру міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы аудан әкімдігінің жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу туралы қаулысының күшін жоюды және заңсыз деп тануды талап еткен тұрғынның талабын қарады. Іс жүргізу барысында сот алқасы істің мән-жайын анықтау мақсатында даулы учаске туралы қажетті ақпаратты алу үшін әкімге сауал жолдаған екен.
- Әкім соттың сұрау хатын алды, бірақ оны орындамады. Сот сауалының орындалмауы жауапкер тарапынан іс жүргізу құқықтарының теріс пайдаланылғанын көрсетеді, — деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот алқасы әкімге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, бұл 73 840 теңгені құрайды.
Фото: gov.kz