Кәсіпкерлер Айша бибі кесенесі маңындағы ғимараттарды заңсыз иемденген

Кәсіпкерлерге "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени мұражай-қорығы аумағында заңсыз иемденген ғимараттарды босату міндеттелді

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

Кәсіпкерлерге "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени мұражай-қорығы аумағында заңсыз иемденген ғимараттарды босату міндеттелді, - деп хабарлайды Malim.kz Жоғарғы соттың мәліметіне сілтеме жасап.

Іс бойынша не белгілі?

Іс материалдарына сәйкес, сотқа Айша бибі кесенесі қарасты мұражай-қорық талап арызбен жүгінген. Бұл мекемеге ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын екі гектар жер берілген.

Мәселе неден шықты?

Aумақта бірнеше техникалық ғимарат салынған. Алайда бес кәсіпкер бұл нысандарды заңсыз иемденіп, оларды сауда жасау мақсатында пайдалана бастаған. Мұражай-қорық сотқа жүгініп, жауапкерлерде сауда қызметін жүргізуге рұқсат құжаттары мен ғимараттарды коммерциялық мақсатта қолдануға құқықтары жоқ екенін алға тартып, ғимараттарды босатуды талап етті. Сондай-ақ, тарихи-мәдени мұражай-қорық аумағында сауда жасауға тыйым салынғанын еске салды.

Жауапкерлер пікірі қандай?

"Төрт жауапкер талапты мойындамай, ғимараттардың 2010 жылы бір кәсіпкердің жеке қаражатына салынғанын және кейіннен сауда жүргізу үшін тегін берілгенін айтты. Бесінші жауапкер талапкердің талабымен келісті", – деп хабарлады Жоғарғы сот.

Сот шешімі

Жамбыл аудандық соты кәсіпкерлердің мұражай-қорыққа тиесілі ғимараттарды заңсыз иемденгенін анықтап, талапкердің пайдасына шешім шығарып, ғимараттарды босатуға міндеттеді.

Кәсіпкерлер апелляциялық шағым түсіргенімен, Жамбыл облыстық соты алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енді, енді кәсіпкерлер заңсыз иеленген ғимараттарды босатуға міндетті.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

18.04.2025

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

17.04.2025

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

17.04.2025
MalimBlocks
Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

Оған қоса әйелінен кешірім хатын сұратып отыр