Коммуналдық қызметтің түбіртегі енді бірыңғай болады

Арман Қайыпхан

  • 05.02.2025

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртекті енгізеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің хабарлауынша, өткен жылдың қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметтерге Бірыңғай түбіртек енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.

"Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елді мекендерде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін үдерістерді кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз", – деді Жәннат Дүбірова.

Түбіртек барлық төлемдерді шоғырландыруға арналған. Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталатын болады.

"Біздің мақсатымыз – бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету. Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қолжетімді", - деді вице-министр.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Астанада қар түннен бері тоқтамады. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

10.11.2024

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

13.10.2024

Қазақстанда коммуналдық қызмет шығыны 11%-ға өскен

09.07.2024

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

27.03.2024
MalimBlocks
Астанада қар түннен бері тоқтамады. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Қар тазалауға 1200 техника жұмылдырылған

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

Қала көшелерін 600 техника тазартып жатыр

Қазақстанда коммуналдық қызмет шығыны 11%-ға өскен

Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары да үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайды.

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.