Мектептерде орамал тағуға тыйым салына ма? Жоғарғы сот жауап берді

Ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті

Malim Админ

  • 26.09.2024

Әлеуметтік желілерде мектепте қыз балаларға орамал тағуға тыйым салынғаны жазылған болатын. Осы мәселеге орай ҚР Жоғарғы соты мәлімдеме жасады.  

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда.

Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі. Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот баспасөз қызметі ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін атап өткен.

Бұл ретте еліміздегі ең жоғарғы сот органы ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Фото: istockphoto.com  

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді