«Миллионмен декретке» курсының авторларына қылмыстық іс қозғала ма?

Босану төлемдерін шамадан тыс рәсімдеген 113 адамның үстінен қылмыстық 16 іс қозғалған

Malim Админ

  • 12.03.2025

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүктілік пен босану төлемдерінің сомасын үлкейтудің әдістерін үйрететін консультациялық қызметтердің үстінен шағым түсірген. Бұл туралы ведомствоның Kazinform сауалына жолдаған жауабында айтылады.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БАҚ өкілдеріне жүктілік пен босану төлемдерін шамадан тыс рәсімдеген 113 адамның үстінен қылмыстық 16 іс қозғалғанын мәлім еткен болатын. Kazinform осы қылмыстық істердің орбитасында «Миллионмен декретке» курсының авторлары бар-жоғын сұрады.

Бүгінде біз әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook және т.б.) үшінші тұлғалардың тарапынан әр түрлі консультациялық қызметтердің, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері мен декреттік демалысқа шығуды жоспарлап отырған әйелдер арасында «формалды» еңбек шарттарын жасасу арқылы әлеуметтік төлемдерді жоғары мөлшерде алу тәсілдерінің айтарлықтай өскенін байқап отырмыз, - деп жазылған жауапта.

Осы орайда қазір құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған мәселе бойынша министрлік пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өздерінің құзыреті бойынша тиісті іс-шаралар жүргізу үшін құқық қорғау органдарына бірқатар өтінішке бастамашылық жасады. Қозғалған қылмыстық істер шеңберінде жедел тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді, - деп жазылған жауапта.

Фото: canva  

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Шерзаттың анасы бізден қуаттағыш сұрады - куәгер

05.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Шерзаттың анасы бізден қуаттағыш сұрады - куәгер