Перизат Қайраттың 109 томдық ісі сотқа жіберілді

Бас прокуратура Перизат Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.
Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады.
Айта кетелік Перизат Қайрат ісіне қатысты танысу аяқталды, 109 том болатын іс прокуратураға жолданған еді. Жақында айыпталушының соты тікелей эфирде өтуі мүмкін екені де айтылды.
Фото: Instagram/01pk


Ең көп оқылған
