Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде өтуі мүмкін

Жоғарғы сот «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы анасымен бірге қомақты қаражат жымқырды» деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың сотын қандай жағдайда тікелей эфирден көрсету арқылы ашық жүргізетіндерін айтты.
«Біз біргеміз» қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі — Перизат Қайраттың істері сотқа түспеген. Перизат Кайраттың соңғы қылмыстық ісі сотқа келіп түскен жағдайда, қоғам тарапынан, заңгерлер қауымынан сондай сұраныс болса, сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету мәселесі қарастырылуы мүмкін, — делінген Жоғарғы соттың жауабында.
Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты тергеп-тексеруді аяқтаған болатын. 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскен.
Фото: Instagram/01pk


Ең көп оқылған
