Qarmet зауытында ақша жымқырып, кеншілерді бопсалаған бірнеше қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер қамауға алынды.

Берік Дәулетов

  • 30.05.2024

Биыл Теміртауда үш рет «Қауіпсіз қала» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның барысында бұрын жасалған 23 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталып, 3,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Malim.kz

Polisia.kz жазуынша, нәтижесінде 2024 жылы кәсіпорындарда жасалған ұрлық саны шамамен 46%-ға азайды.

Qarmet металлургиялық компаниясының нысандарында ұрлық және оның қызметкерлеріне қатысты басқа да ауыр қылмыстар жасаған бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолы кесілді.

Өткен жылдың наурыз айында Qarmet АҚ-ның металл өнімдерін ұрлауды жолға қойған 40 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ және оның көшбасшысы ұсталды.

2023 жылдың тамыз айында аймақтағы криминогендік жағдайға және компанияның қызметіне теріс әсер еткен ұйымдасқан қылмыстық топ көшбасшысы мен 27 мүшесі құрықталды.

Қылмыстық істерді тергеу нәтижесі бойынша олардың Қарағанды облысының аумағында миллиондаған жымқыру, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны туралы дәлелдер жиналды. Тергеу аяқталды. Енді іс прокурорға жолданады, - дейді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының Абай ауданындағы Qarmet кәсіпорнының шахтерлерін бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 

Биыл сәуір айында ІІМ, ҰҚК және Мемлекеттік күзет қызметі Бас прокуратураның үйлестіруімен металлургия комбинатынан аса ірі мөлшердегі ақша ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. 

Қылмыстық схема бақылаудағы мердігерлік және күзет ұйымдары арқылы жоқ тауарды жеткізуден тұрған. Шығын 1,5 млрд теңгеден асады. Ұстау және тінту шаралары бір мезгілде Қарағанды, Теміртау және Алматы қалаларында өткізілді. Күдіктілер қамауға алынды. Кәсіпорындарда ұрлыққа жол бермеу бойынша жұмыс ерекше бақылауда, - деді Қуандық Алпыс.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

01.11.2024

Екі күнде 300-ге жуық қылмыскер ұсталды

30.10.2024

Түркияда нәрестелерді өлтіріп келген қылмыстық топ ұсталды

22.10.2024

Талғардағы оқиғадан соң Алматы облысы ПД басшысы ауысты

19.10.2024

Қарағанды ​​облысында қылмыстық топ құрықталды

18.10.2024

Жүк көліктерін заңсыз тіркеген. ХҚКО-ның экс-басшысы ұсталды

15.10.2024
MalimBlocks
Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Екі күнде 300-ге жуық қылмыскер ұсталды

Ішкі істер министрлігі қылмыскерлерді ұстауға қатысты жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Түркияда нәрестелерді өлтіріп келген қылмыстық топ ұсталды

Қылмыскерлердің қолынан 20 нәрестенің өлгені анықталды.

Талғардағы оқиғадан соң Алматы облысы ПД басшысы ауысты

Облысқа жаңа бас полицей СҚО-дан келді

Қарағанды ​​облысында қылмыстық топ құрықталды

Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ Qarmet қызметкерлерін бопсалаған

Жүк көліктерін заңсыз тіркеген. ХҚКО-ның экс-басшысы ұсталды

Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сома түспеген