Қыз алып қашқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

Сонымен қатар, айыппұл салынып, қоғамдық жұмысқа тартылады

Malim Админ

  • 05.02.2025

Елімізде қыз алып қашқандарды 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынысы жасалды. Тиісті түзету жұмыс тобында талқыланып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Тиісті түзетуді ұсындым. Қазір ол Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар. Мәселен, бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар қарастырылды.

Мұның бәрі жағдайға байланысты сараланады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамның әрекеті анықталса, қандай да бір зиян келтірілсе, тиісті жауапкершілік ұсынылып жатыр, - деді М. Әбенов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынды.

Бұл ретте біреуді өз еркіне қарсы алып қашып, үйінде ұстау, психологиялық және физикалық қысым көрсетсе, заң жәбірленген адам жағында болуы керек», - деді депутат.

Фото: kazinform

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

11.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025

Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

09.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады