Қызылордадағы секс құлдық. Күдіктілердің бесеуі жасөспірім

Қылмыстық іске қатысы бар 9 адам қамауда отыр

Malim Админ

  • 21.10.2024

Қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты атышулы істі тергеу қалай жүріп жатыр?  Күдікті деп танылған 11 адамның бесеуі кәмелет жасына толмаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Бұған қосымша кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту; жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық; бопсалау; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру; азаптау; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қосымша істер қаралуда.

«Қылмыстық істердің 9 қатысушысы қамауда отыр, ал екеуіне „үйқамаққа алу“ бұлтартпау шарасы таңдалды, оның ішінде кәмелетке толмағандар саны - 5. Сонымен қатар, істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы және ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде», — деп жазылған министрлік жауабында.

Еске салсақ, биыл тамыз айында Қызылорда қаласында мектеп оқушылары сыныптасын секс-құлдықта ұстады деген күдікке ілінді.

Бір топ жасөспірім 16 жасар қызды қинап ұстағаны, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады. Оқушы қыздың ата-анасы бұл жағдайды қоғамдық қорға хабарлаған.

Қызылорда полициясы аталған дерек бойынша күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кейін күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды.

Оқиғаға байланысты № 7 мектеп-лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологы, әлеуметтік педагогі, сынып жетекшілері жұмыстан босатылды.

Тамыз айының соңында Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалғаны хабарланған еді.

Фото: sadaqmedia.kz

Байланысты жаналықтар

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

02.05.2025
MalimBlocks
LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды