ШҚО әкімдігі Риддердің экс-әкіміне қатысты түсініктеме берді

Оның 200 млн теңге жымқырғаны туралы ақпарат тараған еді

Мәди Саматұлы

  • 13.07.2024

ШҚО әкімдігі Риддер қаласының бұрынғы әкімі Дәулет Батырбаевтың ұсталғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұның алдында аталған азаматтың 200 миллион теңге жымқырып, күдікке алынғаны, Қаржылық бақылау агенттігі тергеу жүргізіп жатқаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тараған еді.

Соған байланысты ШҚО әкімдігі БАҚ сауалдарына жауап бере отырып, әкімдікте құқық қорғау органдарының азамат Д.Батырбаевты ұстағаны туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.

Ол азамат 3 ай бұрын Риддер қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткен, яғни, 2024 жылдың сәуір айынан бастап Д. Батырбаев жергілікті атқарушы органда жұмыс істемейді, мемлекеттік қызметкер болып табылмайды, деп жазды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Риддер қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қандайда бір қылмыстық істер тіркелмегенін де атап өткен.

Фото: rudnyi-altai.kz

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025
MalimBlocks
Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады