СҚО-да лауазымды тұлғалар қызметкерлердің 2 млн теңге жалақысын ұстап қалған

Оны прокурорлар анықтап, жұмысшылардың құқын қорғады

Мәди Саматұлы

  • 09.01.2025

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жүргізілген талдау аясында жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстау түрінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс прокуратурасының мәлімдеуінше, Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы, ынталандыру ақыларын төлеу үшін 20 қызметкерден 2 миллион теңге көлемінде жалақыны ұстап қалған.

Дәл осындай жұмысшылардың құқықтарының бұзылуы Олимпиадалық резервтегі дайындық орталығында, М.Жұмабаев ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасында анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған сомалар қайтарылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 жұмысшының құқығын қорғауға мүмкіндік берілді, деп жазды прокуратура.

Жалпы, жыл басынан бері қадағалау органы 2462 қызметкердің конституциялық құқықтарын қорғаған.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

13.04.2025

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

05.04.2025

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатады – БАҚ

30.03.2025

20 млн теңге жалақы алатыны мәлім болған соң Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кетті

29.03.2025

Петропавлда құрылысшы 20 метр биіктіктен құлады

12.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай сенделіп жүр. Бұған себеп - өңірдегі мектеп тапшылығы. Мәселен, Белое ауылының оқушылары ана тілін үйрену үшін қалаға қатынауға мәжбүр

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатады – БАҚ

20 млн теңге жалақы алатыны мәлім болған соң Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кетті

Петропавлда құрылысшы 20 метр биіктіктен құлады

Сотқа дейінгі тергеу басталды