Талғардағы оқиғадан соң Алматы облысы ПД басшысы ауысты

Облысқа жаңа бас полицей СҚО-дан келді

Мәди Саматұлы

  • 19.10.2024

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен биылғы 9 айдағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізіп, жедел кеңесте жеке құрамға ПД жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды. Полиция полковнигі бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары болған.

Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды. Сонымен қатар, ІІМ басшысының бұйрығымен:

– ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;

– Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;

– ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;

– ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;

– ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.

ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдап, нақты тапсырмалар берген.
Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Талғар ауданында атыс болды