Түрмедегі Қуандық Бишімбаев немен айналысып жатыр?

ҚАЖК басшысы Бишімбаевтың ағаш-металл өңдеуші болып жұмысқа тұра алатынын айтқан еді

Мадина Қайнарова

  • 24.09.2024

Жұбайын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

CMN.KZ ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елдің ең танымал экс-министрі үшін колонияда қолайлы жұмыс орны әлі табылмапты.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі редакцияның ресми сұрауына Бишімбаев әлі жұмысқа орналаспады деген жауап қайтарған.

- Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты Қуандық Бишімбаев жұмысқа орналастырылмаған. Сотталған адамның күн тәртібі ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес өтеді, - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетсек, шілде айында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚАЖК басшысы Теңізжан Жәнібеков Бишімбаевтың ағаш-металл өңдеуші болып жұмысқа тұра алатынын айтқан еді.

Қазір елордалық сотта Салтанат Нүкенованың бауырының Қуандық Бишімбаевқа қарсы талабы қаралып жатыр. Айтбек Амангелді әпкесін өлтірген адамнан моральдық және материалдық залал өтеуді талап етіп отыр.

Фото: /t.me/Jogargy_sot   

Байланысты жаналықтар

Блогер бірнеше қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

06.04.2025

Түркістанда жалған айғақ бермек болған куәгердің өзі сотталып кетті

03.04.2025

Қызылордада 16 жасар қызды секс-құлдыққа ұстаған басты күдіктілерге сот үкімі шықты

03.04.2025

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025
MalimBlocks
Блогер бірнеше қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Қостанайлық ер адам қарызға ақша беріп, оны қайтара алмағандарға интимдік қарым-қатынас ұсынған

Түркістанда жалған айғақ бермек болған куәгердің өзі сотталып кетті

Қызылордада 16 жасар қызды секс-құлдыққа ұстаған басты күдіктілерге сот үкімі шықты

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты