Жоғарғы Сот алқасы қаражат ұрлаған Шигабутдинованы 6 жылға соттады

Ол сеніп тапсырылған қаражатты жымқырды деп айыпталған

Мәди Саматұлы

  • 08.01.2025

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында А.Шигабутдиноваға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот үкімімен Шигабутдинова сеніп тапсырылған қаражатты жымқыру бойынша айыпты деп танылған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Шигабутдинова ЖШС бухгалтері бола тұра, басшылық ұсынған «Банк-Клиент» бағдарламасына рұқсаты бола отырып, ЖШС шотынан 2 жеке кәсіпкердің есепшотына банк реквизиттерінде оның және ағасының шотының нөмірін көрсете отырып, 613 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды.

Шигабутдинованың мынадай айғақтармен дәлелденді. Сонымен бірге, оның әрекеті дұрыс сараланбаған. 2003 жылғы 1 шілдедегі №8 «Ұрлық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының 18-тармағына сәйкес, егер жеке немесе электронды ақша басқа адамның шотына немесе өз шотына аударылса, ол 189-бап бойынша бөтен мүлікті, соның ішінде қылмыс жасаған адамның лауазымдық жағдайын пайдалана отырып ұрлау деп танылуы керек. Бұл жағдайда кінәлі тұлға зардап шегушінің шотындағы ақшаны өз қызметтік міндеті аясында пайдалану құқығына ие болуы тиіс, деп жазды Жоғарғы Сот.

Мұндай құқық болмаған жағдайда іс-әрекет ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық немесе ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануға жатады.

Іс материалдарынан Шигабутдинованың қаржылық құжаттарға қол қоюға құқығы болмағаны және ЖШС қаражатын өз атынан басқара алмайтыны шығады. Ол тек ЖШС директорына берілген ЭЦҚ кілті арқылы қаржылық құжаттарға қол қойған және осылайша оның шоттарына ақша аударған, яғни ұрлаған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Шигабутдинованың әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен қайта сараланып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Фото: Жоғарғы Сот

Байланысты жаналықтар

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

21.04.2025

Ресейде «Талибан» террористік ұйымдар тізімінен алынып тасталды

17.04.2025

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

11.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұққан - прокурор

10.04.2025

Тоғыз жыл түрмеде отырған Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын пайдаланбады

03.04.2025
MalimBlocks
Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

Бұл сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді

Ресейде «Талибан» террористік ұйымдар тізімінен алынып тасталды

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұққан - прокурор

Бұл іс бойынша сот отырысы Талдықорғанда өтіп жатыр.

Тоғыз жыл түрмеде отырған Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын пайдаланбады

Ол 2016 жылы сотталды.