Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күн бетіндегі жарқылдан Жерге қарай қуатты плазма төгілді

Әлем
Күн бетіндегі жарқылдан Жерге қарай қуатты плазма төгілді

Күн бетіндегі X деңгейлі жаңа жарқылдан кейін Жерге қарай плазма бұлттары төгілді. Бұл жолы біздің планетаға төтесінен келіп тигелі тұр, одан құтылу мүмкін болмайын деп тұр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресейлік Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, бұл осы тәуліктегі Күндегі жоғары деңгейдегі үшінші жарқыл. Мұның бәрі қайта оралған белсенді 3697-аумақтан болып тұр. Осының алдындағы соңғы жарқылында 2017 жылдан бергі ең ірі X8.7 деңгейлі алауын бөліп, 2005 жылдан бергі ең күшті магниттік дауыл тұрғызған еді. Қайта оралғалы бері 3 күн ішінде ол аймақ X деңгейлі 5 жарқылын бөлді. Арасындағы Жер үшін ең қауіптісі 29 мамырда болды. Ол 1 маусымға қараған түні Жерді іліп өтер еді. Алайда бірнеше млн км қашықтықта өтіп кетті.

Бұл жолы Күн жарқылының әсерінен құтыла алмайтын секілдіміз. Себебі, Күн бетіндегі жарылыс ортасы Күн-Жер аралық жолына өте жақын, ал плазмалық бұлт тура Жерге қарай бағыт алған. Ол Жер орбитасына 4 маусымда келуі мүмкін, шамамен G3 (күшті дауыл) күші бар соққы жасайды. Нақты уақыты модельдеу нәтижелерінен кейін белгілі болады.

Фото: mc.bk55.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу