freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лайк үшін шектен шыққан: Стримерлер қамауға алынды

Қоғам
Лайк үшін шектен шыққан: Стримерлер қамауға алынды
polisia.kz

Тікелей эфирде боқтық сөз айтып, көрермен жинамақ болған TikTok стримерлері енді сот алдында жауап беріп жатыр. Ел бойынша 20-дан астам блогер мен стример әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейбірі бірнеше тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Malim.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, блогерлер көп лайк пен  донат жинау үшін түрлі әрекеттерге барған. Қауіпті пранктер ұйымдастырып, балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен.

“Мұндай контенттің күн сайын кең аудиторияға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны Ербол Дүйсенбаев TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолданған. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Қасенова TikTok-тағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан. Бұған дейін де осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған ол бұл жолы әкімшілік айыппұл алды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Одан бөлек ведомство мәліметінше өзге де блогерлерге айыппұл салынғаны айтылды.

“Павлодар қаласында 26 жастағы Аслан Амантаев көлік тізгінінде отырып тікелей эфир жүргізген, балағат сөздер айтып, қауіпсіздік белдігін тақпаған. Соттың шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Түркістан қаласында "bayan_kyz", "fatima.sh0000" және "fatima_s003" никнеймдерімен танымал Баян Шанкеева жауапкершілікке тартылды. Ол тікелей эфирлерде бейәдеп сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткен. Сот оған әкімшілік айыппұл тағайындады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін де TikTok-та балағат сөздер айтып, орынсыз қылықтар көрсеткен 9 блогер жауапкершілікке тартылған еді.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу