Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттегі қалыңмал мөлшерін айтып берді

Шоу-бизнес
Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттегі қалыңмал мөлшерін айтып берді

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен анасы Шымкентте берілетін қалыңмаал мен мәһр мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

“Дұрыс болған екен. Қалыңмал мен мәһр бірге болсын. Біздің Шымкент жақта миллион еді. Одан кейін екі миллионға көшті. Оған мәһр қосылып еді. Бәрін біріктіргені дұрыс болған екен. Біздің заманда мәһр де жоқ, түк те жоқ. Неке суына тиын салады. Молда келеді, сол суды сен іш, мен іш. Сонымен болды. Мәһрді дегенді енді естідік қой. Қалыңмал да азғантай уақыт болатын", – деді Ләйлә Сұлтанқызының анасы.

Ләйлә Сұлтанқызының анасының айтуынша, 5 миллионға дейін қалыңмал берілетінін айтты.

“Былтыр 2 миллион теңге болатын. Биыл 3 миллион дейді ғой. Тапқандар 5 миллионға дейін береді. Ал негізі орта есеп 2 миллион болып тұр. Оның ішіне мәһр жоқ. Мәһрі бөлек. Енді екеуін біріктірген болса, 3 миллион болады деген сөз шығар”, – деп жауап қатты анасы. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу