Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лукашенко Зеленскиймен соғысты тоқтату мәселесін талқылауға дайын

Әлем
Лукашенко Зеленскиймен соғысты тоқтату мәселесін талқылауға дайын

Александр Лукашенконың айтуынша, Украина бойынша «үстелде жақсы ұсыныс бар, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

«Келісімге келмесек, бәріне жаман болады», – деп атап өтті Беларусь басшысы Кремльде Владимир

Путинмен кездесуден кейін.

Беларусь басшысы Александр Лукашенко Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол «Россия 1» телеарнасының тілшісі Павел Зарубинге берген сұхбатында мәлімдеді. Әңгімеден үзінділерді Зарубин жұма күні, 26 қыркүйекте, өзінің Telegram-арнасында жариялады.

«Менің оған (Зеленскийге – Ред.) айтарым бар», – деді Лукашенко. «Ойлаймын, бізге кеңесетін уақыт келді. «СВО» (Ресей билігі мен прокремльшіл БАҚ Украинадағы соғысты осылай атайды – Ред.) басында айтқанмын – біз, үш славян мемлекетінің басшылары, отырып, келісімге келуіміз керек. Осы түсініксіз соғысты аяқтау туралы келісуіміз қажет. Егер келіспесек – бәрімізге қиын болады», – деді Лукашенко.

Фото: ZUMA Press Wire/IMAGO

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу