Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Магомед Адиев Қазақстанға оралуы мүмкін

Спорт
Магомед Адиев Қазақстанға оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» клубының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Атырау» клубына бас бапкер болып тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы спорт журналисі, ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман әлеуметтік желідегі өз парақшасында мәлімдеді.

«Атырауда жаңа бапкер. Бүгін «Атырау» клубының бас менеджері Дидар Сыдықпекпен жолықтым. Клуб ішіндегі біраз мәселе бойынша жауап алдым. Толығырақ кешке подкастта айтып беремін.

Басты инсайд: «Атырау» клубы бапкер Магомед Адиевпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Жақын арада клуб жаңа бапкерін таныстырып қалуы мүмкін», - деп жазды Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман.

Айта кетейік, төрт турдан соң «Атырау» үш ұпай еншілеп, ҚПЛ турнирлік кестесінде оныншы орында келеді. Команда еншісінде бір жеңіс және үш жеңіліс бар.
Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу